Болашақ жарыма Мінезім менің ауыр келген біліп қой, Жігіттің аты қанша айтқанмен жігіт қой. Ашуланам, ұрсамын да, тиямын, Сен бірақ та сабыр етіп, күліп қой. Қызғаншақпын, мұны да сəулем біліп қой, Жат адаммен сөйлесуді түріп қой. Алла менен елшісінен кейінгі, Есімімді жүрегіңе тігіп қой. Сабырсызбын, шыдамсызбын біліп қой, Ашулансам кетер бірден қызып бой. Пендеміз ғой, бұл қылықты жеңемін, Пенде өзі жаратылыс қызық қой. Ұятты сүйем, оны дағы біліп қой, Ұятсыз қыз, қыз емес ол - шірік қой. Ондай жаннан көп сөз де артық шығады, Ал көп сөзді, көрсетпе, жоқ қыл, тығып қой! Еркелей білгің, еркелетем біліп қой, Еркелік деген әйелдік жеке құрық қой. Құрыққа түсіп біздерде сезбей қаламыз, Жаныда қыздың, айласы да қырық қой. Баланы сүйем, балажанмын біліп қой, Бала жүзі мөлдір, сұлу, тұнық қой. Жүрегінде кіршіктейін күнə жоқ, "Əке"- десе езіліп кетер жібіп бой. Тəрбиелегің баланы жөндеп біліп қой, Исламменен! Болмасын кейін бұзық ой. Ең бірінші ата-анамды сыйлап өт! Осының астын қайтара екі сызып қой. Ал мен болсам аялап сені өтемін, Сый беремін іздемей оның себебін. Тəрбиелеп, бағалаймын, сыйлаймын, Өле - өлгенше боламын мықты тірегің. Жақсы "əке", жақсы "ана" боламыз, Небір қиын сынақтарды аламыз, Қуаныш пен бақытқа бірге барармыз. © Абылай Каримбек